"Сионға жорық" - Қазақ тілінде кино тіркеме ("Marching to Zion" in Kazakh)

Video

April 16, 2015

Бұдан 4,000 жыл бұрын Құдай Месопатамияда Абрамға аян берді және сөзін арнап былай деп бұйырған еді, “Сен еліңді, туған-туысқандарыңды және әкеңнің үйін тастап, Мен өзіңе көрсететін елге көш. Мен сенен үлкен халықты өрбітіп таратамын.” Абырам Құдай Иемізге құлақ асып ұлы Ысқақ және немересі Жақыппен бірге тұрған жерге, соңыра “Исраил” деп аталған Қанахан жеріне келді.

Израил және оның 12 ұлы Қанахан жеріндегі ашаршылық себепті төмен түсіп келіп, ол жерде Израилдің құдіретті халқынан қорқу сезінді, сондықтан оларды құлдықта ұстап олар тұрмысын мүшкіл құлдықпен азапты етеді. 430 жыл соң Мысырда, олар Мұса тарапынан құлдықтан босатылды, одан кейін Қызыл теңізден өте шығып Аравияға барды, ол жерде Синай тауында Құдайдың заңын алды.

Мұсамен Мысырдан кеткен Исраил ұрпағының Жаратқан Иемізге сенімі жетіспеушілігі себепті уәде етілген жерге кіруге рұқсат етілмеді. Олар Құдай Иемізге сенген жаңа ұрпақ жаратқанша, 40 жыл лағып жүріске мәжбүр етіліп Ешуамен бірге уәде етілген жерге келді.

400 жыл бойы, Исраилдың 12 руы Мұса заңына сәйкес Төрешілер тарапынан басқарылды. Олар бәрі халықтар сияқты патшасы болуын өте қалағанда, 40 жыл бойы оларға билігін жүргізген Саулды Құдай олардың патшасы етіп тағайындады, одан кейін 40 жыл бойы билігін жүргізген Дәуіт Патша, және 40 жыл бойы билігін жүргізген Дәуіттің ұлы Сүлеймен билікке келді. Сүлеймен билігі бойы, Исраил патшалығы өзінің бар сән-салтанатында еді, бірінші киелі үй салынды, бірақ Сүлеймендің жүрегі кәрі кезде Жаратқан Иемізден бас тартқаны себепті, Құдай оған рулардың 10 данасы оның ұлы тарапынан басқарыла алмастығын айтып берді.

Сүлеймен қаза тапқаннан соң, Исраил патшалығы бөліп солтүстік 10 ру Дәуітпен Сүлеймен ұрпағы болмаған біраз зұлым патшалар тарапынан басқарылды. Осы Солтүстік Патшалық Исраил деп аталынып ақыр аяғында Самарияны өзінің астанасы қылды. Кішкентай Оңтүстік патшалық Яһуда ретінде мәлім болып Иерусалимді өзінің астанасы деп жариялады. Сонымен қатар ол Дәуіттің ұрпақтары тарапынан басқарылды. 4 Патшалықтар 16 тараудан бастап, Оңтүстік Патшалық адамдары Яһуда патшалығы атымен “Яһудилер” деп танылды.

Исраил Солтүстік Патшалықтың зұлым болғандығы себепті, Ассирийлер тарапынан құлатылып тұтқынға алынды. Қалған Исраилдіктер келген және жерді басып алған пұтқа табынушылармен араласып кетті. Бұл адамдар Самариялықтар деп танылып Солтүстік Исраилдың 10 руысы артық ешқашан халық болмады.

Яһуданың Оңтүстік Патшалығы басқа құдайларға қызмет еткені үшін жаза ретінде ақыр соңында Бабылға тұтқынға түсіп қалды, киелі үй бұзылды, бірақ 70 жылдан соң, Яһудилер Яһудаға қайтып келді, Иерусалимде киелі үйді жаңадан салып, Дәуіт ұрпағы болып табылған патшалар тарапынан басқарыла бастады.

Мәсіх кезінде, Яһуда халқы Яһудея деп танылып Рим үстемдігі астында болды. Иса Мәсіх және оның шәкірттері Исраил үйінің жоғалған қойларын іздеп бүкіл Яһудеяда Ізгі хабарды жеткізді. 3 жарым жылдық Ізгі хабар қызмет етуден соң, Яһудилер Исаны өзінің Құтқарушысы деп қабылдамай оны айқышқа шегелеп іліп өлтіру үшін Рим билеушісін көндірді. 3 күн соң, ол қайта тірілді, Көктегі Құдай Иеміздің оң қолына шығуға дейін өз шәкірттеріне өзін тірі көрсетті.

Иса айқышқа шегеленгеннен біраз уақыт бұрын, ол оны менсінбегені үшін жаза ретінде Иурисалим оттай лауласын, киелі үй бұзылысын, Яһудилер бәрі халықтар тарапынан тұтқынға алуын алдан ала айтқан еді. Бұл алдын ала айтылған пайғамбарлық сөз Рим императоры Титус Иурисалимде өктемдігін орнату үшін жаулап алған кезде, біздің заманымыздың 70 жылында жүзеге асты. 1800 жылдан көбірек уақыт бойы, қалған Яһудилер барлығы халықтарда шашырап бытырап кетті.

Соң, 1948 жылда, мүмкін емес, іске асырылмайтын нәрсе болды. Исраил мемлекеті ұйымдастырылды, Яһудилер жаңадан уәде етілген жерді иемденіп алды. Көп Мәсіхшілер мұны Құдай Иемізден келген керемет және жарылқау деп жариялады, бірақ бұл шынында Құдай Иемізден жарылқау еді ма, немесе қара қозғаушы қүштері меді? Мұның жауабын осы фильмнен табасыз.

 

 

 

mouseover